Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Қос колледж құрылтайы миллиардтаған шығын келтірді

Шымкентте екі колледждің құрылтайшысы 1 млрд 3 млн теңгені жымқырған. 2018-2023 жылдардың аралығында «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» және «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған. Яғни студенттер колледжге қабылданғанымен, іс жүзінде мүлдем сабаққа келмепті. Алайда қазынадан қаржы бөлініп отырған. Оқуға қабылдау, мамандарды жұмысқа алу секілді әрекеттер цифрлық қолтаңбамен жалған акт жасау арқылы жүзеге асырылыпты.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сонымен қатар медициналық колледждің ақылы бөлімінде оқыған студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен білім алушылар ретінде рәсімделгені анықталды. Бұдан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін формалды құрылым ретінде пайдаланылған.

Бір қызығы, қос колледждің құрылтайшысы қылмыстық схеманы түрмеде отырып басқарған. Қазір бірнеше адамның ісі тергеуге алынып, екі күдікті қамалды, тағы үш тұлға қаладан шыға алмайды. Сонымен қатар олардың жымқырған ақшасына сатып алған дүние-мүліктерін де қамауға қойды. Оның ішінде Дубайдағы пәтер, Қазақстан аумағындағы 3 тұрғын үй, 3 көлік бар.

← Все новости