Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Әпкесіне бауырын беріп, ажалдан аман алып қалды

Бауыр барда бақытсызбын дей көрме! Түркістанда 36 жастағы әйел туған әпкесіне бауырының бір бөлігін беріп, өлім аузынан аман алып қалды. Науқастың ұзақ жылғы дерті асқынып, ақыры циррозға ұласқан. Жақынына жанын беруге даяр келіншек өз еркімен донор болуға келісіпті. Дәрігерлер оны толық медициналық тексеруден өткізіп, ағзаларының сәйкестігі расталған соң күрделі операцияны сәтті жүзеге асырды.

Қуат Құдайберген

← Все новости