Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Президент Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Президент бұл күн халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатынын және бүкіл ислам әлемі мейрамды зор ықыласпен күтетіндігін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айттың берекелі күндері бір-бірімізге қолдау көрсетіп, үлкенді құрметтеп және ел игілігі үшін ортақ жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын еске салды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Исламның және басқа да дәстүрлі діндердің озық құндылықтары халқымыздың рухани дамуының, ұрпақтар сабақтастығының, қоғамымыздағы бірлік пен келісімнің берік іргетасы болып табылады. Күрделі жаһандық сын-қатерлер жағдайында бұл Отанымыздың одан әрі өркендеуінің негізі, Әділетті, Озық Қазақстанды құрудың басты шарты. Бірлік пен жасампаз патриотизмде біздің басты күшіміз бар екеніне сенімдімін. Барша отандастарыма зор денсаулық, бақыт және береке тілеймін!

← Все новости