Алматы облысындағы ауыл тұрғындары ауыз су тартып жатқан мердігер компанияның жұмысына қанағаттанбай, күйініп отыр. Үш айдан бері жердің бәрін қазғанымен, құбырлары тесіліп, кейбірі стандартқа сай тереңдікте орналаспаған дейді. Саз-балшықтан енді құтылдық дегенде, жерді лайлап, жақында төселген асфальттың бәрін бұзған. Жергілікті шенеуніктер де олқылықты жақсы біледі, тек тапсырысты аудандық әріптестері берген соң құзыры жүрмей жатыр екен.