Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Ауладан баланың мәйіті табылды

Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың мәйіті үйдің ауласынан табылды. Болжам бойынша, жеткіншек қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүріп, аса ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған. Жазатайым оқиға Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында болды. Ал тұрғындардың сөзінше, сұлық түсіп жатқан баланы бірінші болып басқа бір бала байқапты. Жақындап барғанда бетінің көгеріп, аузынан ақ көбік аққанын көріп, бірден ересектерге хабар берген. Бұл оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Баланың ажалына нақты не себеп болғаны анықталуда.

Қуат Құдайберген

← Все новости