Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Алматының маңайы адам танымастай болды

Іле Алатау ұлттық саябағы аумағынан алты айдың ішінде 300 тонна қоқыс шығарылған. Туристер ішкен-жегенінің қалдығын тастап, темекі тұқылын лақтырып, арнайы жәшікке салмайтын көрінеді. Ал олардың әрқайсысын жеке-жеке бақылайтын адам жоқ. Әйтпесе 42 мың теңге айыппұл салынады. Сондықтан парк өкілдері «Таза Қазақстан» акциясын пайдаланып, ылғи еріктілерді шақырып, айналаны жинастыратынға ұқсайды. Бүгін Үлкен Алматы көлінің маңайы қоқыстан тазартылды.

ЖАНСАЯ АУТӘЛІП, ІЛЕ АЛАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Әлі де жұмыс керек, себебі келушілердің экологиялық мәдениеті төмендігінен осындай ұлттық парк аумағында қоқыстар қалып жатады. Көбінесе келушілер, демалушылар, туристер өздерімен алып келген заттардың қалдықтарын арнайы қоқыс жәшіктеріне емес, сол қай жерде демалды, сол жерге қалдырып кетеді. Қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұр сол.

Үлкен Алматы көліне былтырдан бері көлік қозғалысы түгел тоқтатылған. Келушілер жаяу немесе велосипедпен көтеріледі. Маңайда бірде-бір әжетхана да жоқ. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанға ұқсайды. Қоқыс жәшігі де бірен-саран. Бүгінгі экологиялық акцияға тауда ғылыми зерттеу жүргізіп жатқан Ионосфера институтының мамандары да атсалысты.

АЛЁНА ЕЛИСЕЕВА, ИОНОСФЕРА ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Біздің институт қоршаған ортаға мониторинг жүргізу үшін көптеген сандық сервистерді дамытады. Бұл табиғи өрттердің, метан эмиссиясының мониторингі. Бірақ ешқандай сандық сервистер еліміздің экологиясына қамқорлық көрсетуге кедергі емес. Табиғатты аялау әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймыз. Сондықтан бүгін 60 адам бір кісідей қоқыс жинауға өз үлесімізді қосып отырмыз.

← Все новости