Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Тараз жастары тазалыққа жұмылды

Тараз жастары тағы да жұдырықтай жұмылды.

Бұл жолы олар жай ғана бас қосуға емес, жалпыұлттық игі іске білек сыбана атсалысты. Таң ата басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында белсенділер Пушкин ескерткішінің маңын тазалады.

Ауызбіршіліктің нағыз үлгісін көрсеткен жастар қала орталығын күл-қоқыстан арылтып, айналаны әп-сәтте ретке келтірді. Жыл басынан бері еріктілер жүзге жуық экологиялық шара өткізіп, ұзындығы қырық шақырым болатын арық арнасын тазартқан.

Нәтижесінде он айда 18 тонна қоқыс шығарылған. Аталған шараларға бас-аяғы мыңға жуық адам қатысқан.

Дархан Байпақ, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері: «Бүгінде Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» Пушкин ескерткішінің айналасында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы қала бойынша 130 мыңға жуық жас болса, соның 450-і осы акцияға атсалысатын белсенді жастар. Еріктілер деп айтсақ болады».

Дәурен Доғдырбай

← Все новости