Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Пәтер жалдағанда сақ болыңыз!

Пәтер жалдаймын деп сан соғып қалды. Жалған хабарландыруға сенген 13 тұрғын 2 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Прокуратура мәліметінше, 37 жастағы астаналық келіншек еліміздің бірнеше қаласында баспананы жалға беру туралы жарнама жариялаған. Өзін үй иесі ретінде таныстырған ол азаматтардан депозит пен алдын ала төлем жинап отырған. Алаяқтық дерегі бойынша іс қаралып, сот айыпталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жылға шегерілді. Ал жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы талабы толық қанағаттандырылды. Осы ретте құқық қорғау органдары баспана жалдамас бұрын меншік құжаттарын мұқият тексеріп, ресми келісімшартсыз ақша аудармауға шақырады.

← Все новости