Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Ленин ескерткіші сүріліп жатыр

Семейде жарты ғасырға жуық уақыт тұрған Ленин ескерткіші сүріліп жатыр. Монументті бөлшектеу жұмыстары тұрғындардың шағымынан кейін басталған. Мамандар оның техникалық жағдайын тексеріп, апатты күйге жеткенін анықтаған. Атап айтқанда, металл бөліктері тот басып, тірек тұстарында жарықтар пайда болған. Салдарынан ескерткіштің кей бөлшектерінің құлау қаупі туындаған. Осыған байланысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі монументті бұзу туралы шешім қабылдаған.

← Все новости