Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

ВИЧ жұқтырғандар қашып жүр

Батыс Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 10 адам дәрігерлерден теріс айналып, ем-домнан бас тартқан. Диагнозы расталған соң ізім-ғайым жоғалғандарды енді полицейлер іздестіруге кірісіпті. Бұл аздай, биыл өңірде бес жастағы бүлдіршіннен де қатерлі инфекция анықталған. Вирус сәбиге анасынан беріліпті. Қазір осындай диагнозбен 11 жүкті әйел ақ халаттылардың жіті бақылауында, алтауы босанып үлгерген. Айта кетейік, жалпы облыста диспансерлік есепте 755 адам тұр. Биылғы тоғыз айда тағы 44 жағдай тіркелсе, былтыр дәл осы мерзімде 55 дерек анықталған.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ:

Есепте тұрған емделушілердің көбі тіркелген жерінен шықпастан, басқа өңірлерге немесе шетелге жұмыс істеуге кетіп қалған. Арасында нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар да бар. Мұндай пациенттердің жүрген жерін анықтау және оларды медициналық бақылауға қайтару мақсатында Көші-қон қызметімен және Полиция департаментімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Бұдан бөлек, іздестіру жұмыстары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы деректерді тексеру, сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелерді қарау арқылы жүзеге асырылуда.

← Все новости