Былтыр аяқталуы тиіс инвестициялық жобалардың 20 пайызы әлі күнге дейін бітпеген. Бұл туралы Мәжілісте республикалық бюджеттің игерілуіне қатысты есеп берген Әлихан Смайылов мәлімдеді. Оның айтуынша, бюджет қаражатын жоспарлау мен бақылауда кемшіліктер бар. Соның салдарынан бір жыл ішінде түрлі шығындарға қазынадан 2,4 трлн теңге қайта бөлінген. Кейбір ұйымдар қаржыға деген қажеттілікті де түбегейлі өзгерткен.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Тиімсіз пайдаланылған қаражат көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Қаражат жоғары деңгейде игерілгенімен, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмей отыр. Орталық деңгейде бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орта есеппен 5 пайызына, ал өңірлерде 33 пайызына қол жеткізілген жоқ.
Маржан Нүсіпбек