Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Кене қаптаған қала

Жыл басынан бері Шымкентте кене шаққан 475 жағдай тіркелген. Медициналық көмекке жүгінгендердің дені жайылымда, қой қырқу кезінде және таулы аймақтарда жүргенде зардап шеккен. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлімдеді. Қазір кене қаупі жоғары аумақтар залалсыздандырылған. Оның ішінде қоражайлар, гүлзарлар мен саябақтар маңына арнайы препараттар себілген. Бұл жұмыстарға 6 бригада жұмылдырылған.

ҚАЙРАТ БАЗАРБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрине, мұндай жағдайлар болды. Бірақ көрсеткіш төмен деңгейде. 400-ден астам кене шағу фактісі тіркелгенімен, профилактикалық іс-шаралардың арқасында ауыр салдарға жол берілген жоқ.

Ғалымжан Кенжебек

← Все новости