Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Ұлытау – Қызылорда жолы биыл аяқталады

Биыл еліміз бойынша 11 мың шақырымнан астам жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді. Басты жаңалықтардың бірі – Ұлытау мен Қызылорданы жалғайтын күрежолдың құрылысы толық аяқталып, халық игілігіне берілмек. Бұл туралы Мәжілісте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді. Вице-премьердің айтуынша, қазіргі таңда аймақтар арасындағы байланысты жақсарту басты назарда. Сондай-ақ атқамінер маусым айының соңында құны 524 миллиард теңгені құрайтын, ұзындығы 575 шақырымдық Қарағанды – Жезқазған бағытындағы ауқымды жобаның құрылысы басталатынын жеткізді.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Шынында да, өткен жылдың аяғында Қызылорда – Жезқазған жолының 216 шақырымы аяқталды. Биыл енді Ұлытау мен Қызылорданың арасындағы жолды толығымен аяқтап, ел игілігіне табыстайтын боламыз.

← Все новости