Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Астанада тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр

Қойнауы қазба байлыққа толы Қазақстан бүгінде тау-кен саласында халықаралық диалог алаңына айналып отыр. Елімізде 15 елдің басын біріктірген Astana Mining & Metallurgy конгресі өтіп жатыр. Пікірталас мінберіндегі басты тақырып – жер қойнауын пайдалану және металлургия мен өндіріс саласындағы стратегиялық бастамаларды ілгерілету. 2100 делегат атбасын бұрған жиында халықаралық компаниялармен қоса, Қазақстанның 40 ұйымы өнімін таныстырып, шетелдік алпауыттармен келіссөз жүргізуге ниетті. Ал жиынға қатысқан премьер-министр Олжас Бектенов бұл өндіріс кешенін дамытуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын дамытуға және елдің ресурстық әлеуетін кеңейтуге ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстанда жер қойнауын геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта еліміздің аумағын егжей-тегжейлі геологиялық картографиялау жұмыстары басталды. Жер қойнауының геологиялық зерттелу аумағы 2 млн шаршы шақырымнан асады. Президенттің тапсырмасы бойынша 2026-2028 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына тек мемлекет тарапынан 470 млн долларға жуық инвестиция салынады. Бұл алдыңғы екі онжылдықтағы шығындар көлемімен шамалас.

← Все новости