Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Қоқыс жинап, ақша табуға болады

Қоқыс жинап, ақша табуға болады. Елімізде «Таза үй – таза ел» жобасы жүзеге асырыла бастады. Соның аясында тұрғын үйлердің ауласына арнайы контейнерлер орнатылып жатыр. Енді бөтелке, картон, қағаз сияқты қайта өңдеуге болатын қалдықтардың бәрі бөлек жиналып, жүйелі түрде сұрыпталып, айналымға кетеді. Тегін ештеңе жоқ. Жиналған көлемге қарай мүлік иелерінің бірлестігіне қаржы түседі. Ол қаражат аула тазалығына, абаттандыруға, жалпы ортақ игілікке жұмсалады.

ТАЛҒАТ ОМАРОВ, ЖСДП АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз нені үйретіп жатырмыз? Халыққа өз табиғатына деген қамқорлық. Неге қамқорлық? Өйткені бұл шикізат қайта өңделіп, дайын өнім шығады. Бұдан пайда түседі. Ақшалай пайда түседі. Осы үйге түседі. Қанша жинайды, сол үйдің керегіне жаратылады. Әр ай сайын МИД-тің төрағасы ол отчет беріп тұрады. Осындай кіріс кірді, осындай шығыс кетті.

Жалпы есеп бойынша тұрғындар қоқысты қалай болса солай тастамай, оны жинақтап, жәшікке салса, шамамен бір айда 100 мың теңгеге жуық қаражат түсуі мүмкін. Айта кету керек, мұндай контейнерлер қазіргі таңда кезең-кезеңімен орнатылып жатыр. Біздің бұл бастама алдағы уақытта әлі де кеңейе түседі дейді ЖСДП өкілдері.

ТАЛҒАТ ОМАРОВ, ЖСДП АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Егер осылай жинайтын болса, контейнерге 180-200 кг-дай жинауға болады. Егер оны қорап ретінде бүктемей салатын болса, 100-120 кг жиналады.

← Все новости