Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Елге шетелдік қызанақ кіргізуге тыйым салынды

Алдағы уақытта дүкен сөрелерінен шетелдік қызанақты көрмейсіз, енді әр өңірде тек елімізде өсірілгені ғана сатылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай бұйрық әзірлепті. Соған сәйкес, Қазақстан аумағына өзге елден көкөністің осы түрін кіргізуге тыйым салынды. Мақсат – отандық өндірушілерді қолдап, ішкі нарықта өндірілген тауардың тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету, дейді жауаптылар. Құжат бойынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден қызанақты әкелуге, сондай-ақ біздің ел арқылы халықаралық транзитті қоспағанда, барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден жаңа піскен немесе салқындатылған қызанақты импорттауға шектеу қойылды. Бұйрық осы жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды.

← Все новости