«Ақ жол!» — Азат Перуашев. 15 жыл аттан түспеген партия төрағасы қызметін тапсырды. Бұл туралы бүгін саяси ұйымның съезінде белгілі болды. Ол тізгін ұстағалы әр шақырылымда кемі 6 мандат алып, «Ақ жолдың» ақ жалауын түсірмедім дейді. 2019 жылы президент ауысқанда көзіне жас алғаны, «штрафстан» деп сөйлеп, тілінен тапқан кезі де ел есінде. Ал бүгін партия басында ұзақ отыру монополияға алып келерін айтып, орынтағын босатты. «Жаңа идеялар мен тың серпін пайда болуына кедергі келтірмеу үшін қызметімнен кеттім», — деп соңғы сөзін түйіндеді. Оның орнына Дания Еспаева тағайындалды.