Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Үкімет туды пайдаланудың жаңа тәртібін енгізді

Қазақстанда мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережесі бекітілді. Үкімет қаулысына сай, енді байрағымызды пәтерлерге, кеңселерге немесе көлік ішіне қоюға ресми рұқсат берілді. Бұл туралы тиісті құжат нормативтік құқықтық актілер порталына жарияланды. Жаңа талап бойынша, жеке үйдің ауласындағы тудың биіктігі 3 метрден кем болмауы шарт және оның шеті жерге, суға тимеуі қажет. Сондай-ақ жалауды жарнамаға қолдануға, одан киім, төсек-орын немесе дастарқан жасауға мүлдем тыйым салынады. Рәмізді қорлағандар заң бойынша қатаң жауапкершілікке тартылады.

← Все новости