Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып, өңірдегі негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сапар аясында ол Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында болып, алдағы қысқа дайындық жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ Нұрлыбек Нәлібаев Көкшетау қаласында салынып жатқан жаңа жылу электр орталығының құрылысымен танысты. Сапар қорытындысында бірінші вице-премьер барлық жобаның уақытылы әрі сапалы орындалуы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін жеткізді. Сондықтан кез келген жұмысты тиянақты істеуді тапсырды.