Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Зейнетақы қорынан «ақша шешем» дегендерге сенбеңіз!

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады. Шешуге болатын шекті мөлшер өзгерген кезде алаяқтар белсене бастаған. Олар жұртты «қордағы ақшаңызды алуға көмектесеміз» деп алдауға көшкен.

Алайда, Қор жұртты қаскөйлердің сөзіне сенбеуге шақырды. Демек қандай да бір бөтен нөмірден қоңырау түсіп, маңдай термен жиған-терген ақшаңызға қатысты түрлі сылтау айтып, жеке деректеріңіз бен SMS-кодтарды сұрап жатса, тіс жармаңыз. Психологиялық қысым жасаса да, әккілердің қитұрқы әрекеттеріне ұрынып қалмай, ресми дереккөздерден тексергеніңіз абзал.

← Все новости