Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Алатау қаласына шеттен инвестиция тартылады

Алатау қаласы қарыштап дамитын күн алыс емес. Осы мақсатта Қытайдан бас-аяғы 6,5 млрд доллар болатын инвестиция тартылды. Ауқымды уағдаластыққа шаһардың жобасын көршілерге таныстырған шенділер қол жеткізді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысына Премьердің орынбасары Қанат Бозымбаев есеп берді. Оның сөзінше, Бейжіңде халықаралық таныстырылым аясында 20-дан астам кездесу өткен. Бас-аяғы 30 келісім мен меморандумға қол қойылыпты. Сондай-ақ, вице-премьер Президентке су шаруашылығы саласындағы жүзеге асып жатқан жобалар туралы мағлұмат берді. Биыл тұрғын үй шаруашылығы нысандары мен коммуналдық желілерді жаңғыртуға триллион теңге бағытталады екен. Бозымбаевтың есебін мұқият тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласының даму жоспарынан ауытқымауды және оңтүстік өңірлердегі су тапшылығын болдырмауды тапсырды.

← Все новости