Қазақстан мен ТМД азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық қылмыстық топ тұтылды. Ауқымды операцияны еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Чехияның полициясы бірлесіп жүзеге асырған. Мұздай қаруланған топ күдіктілердің Усти-над-Лабем, Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тұрып жатқан жерлеріне тінту жүргізіп, компьютерлер мен қолма-қол ақша тәркіледі.
Тергеу барысында қылмыстық топтың адамдардың аты-жөні, телефон нөмірі жазылған жабық интернет-ресурс құрғаны анықталды. Дербес мәліметтерді заңсыз жинап, бәрін қолдарына түсірген соң, оларды сатып, пайда тауыпты. Қаскөйлер қаражатты дроп-аккаунттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған.
ЖАНДОС СҮЙІНБАЙ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Олар қылмыстық схеманы үйлестірушілерден бастап, жеке деректерді заңсыз анықтау бойынша тапсырыстарды қабылдап, өңдейтін операторларға дейінгі қызметтерді орындаған. Заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастау үшін дроп-аккаунттар пайдаланылған.