Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Науқас әйел ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

Павлодар облысында науқас әйел ауруханаға тікұшақпен жеткізілді.

Санитарлық авиация дертке шалдыққан 35 жастағы пациентті Екібастұздан Павлодар қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен орналастырды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, экипаж бен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында келіншек уақытылы аурухана мамандарына тапсырылды. Қазір ол ақ халаттылардың бақылауында.

Рамазан Палмағанбет

← Все новости