Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Осал санаттағы азаматтарға грант беріледі

Кәсібін дөңгелетіп, еңбегінің жемісін көргісі келетін жандарға құлаққағыс! Жақында елімізде әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік грантқа өтінім қабылдау басталады. Берілетін сома көлемі – 1 млн 730 мың теңге және қайтарымсыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл грант шағын бизнесті дамытуға, азаматтардың кәсіпкерлік бастамасын қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға арналғанын мәлімдеді. Өтінішті 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында беруге болады. Ескерте кететін жайт, берілген ақшаны жеке қажетіңізге, тұрғын үй сатып алуға, несиелер мен басқа да қарыздарды өтеуге жұмсауға рұқсат жоқ.

← Все новости