Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Жалған нөмір таққан 500-ден астам көлік анықталды

500-ден астам қазақстандық жалған мемлекеттік нөмірмен көлік жүргізген. Бұл бассыздықты маусымдағы арнайы рейд кезінде полицейлер анықтады. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары 22 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркепті. Сонымен қатар бір жарым мыңнан астам темір тұлпардың нөмірсіз жүргені белгілі болды. Жаппай тексерістің нәтижесінде екі жарым мыңға жуық көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

АРАЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Арнайы тұрақтарға шамамен 2,5 мың автокөлік қойылды. Аталған фактілер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану көбіне қасақана сипатқа ие екенін және құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықтан жалтару мақсатында қолданылатынын көрсетеді. Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәйекті түрде іске асырып, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады.

← Все новости