Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Астанада 14 адам құтқарылды

Өртке қатысты тағы бір төтенше жағдай елордада тіркелді. Бірақ, абырой болғанда, бұл оқиға адам шығынсыз аяқталды. Сарайшық шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер өртенген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 10 шаршы метр аумақта жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған. Құтқарушылар жеткенше 110 тұрғын ғимараттан өз бетінше далаға шығып үлгеріпті. Алайда қою түтіннен пәтерде қамалып қалған кейбір тұрғындар терезеден киімдерін бұлғап, жанұшыра көмек сұрауға мәжбүр болған. Дер кезінде жеткен мамандар жалын ортасынан 14 адамды, оның ішінде 5 баланы аман алып шықты. Қазір тілсіз жау толық ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

← Все новости