Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Мал өсіргендерге арзан несие беріледі

Мал өсірген жандарға енді арзан несие берілмек. «Жайлау» бағдарламасымен шаруалар жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен 10 жылға дейін жеңілдетілген кредит ала алады. Ол қаражатты инфрақұрылымды жақсартуға, асыл тұқымды ірі қара және ұсақ мал сатып алуға, сондай-ақ жаңа ферма-репродукторлар ашуға жұмсайды. Сиыр бағатындарға 350 млн теңге, ал қой шаруашылығымен айналысатындарға 200 млн теңгеге дейін ақша қарастырылған. Жауаптылар бұл бастама елімізде мал басын көбейтіп, аграрлық саланың әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айтады. Ал бағдарлама бойынша оператор — Аграрлық несие корпорациясы.

← Все новости