Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Қарин: 1 шілдеде Қазақстан тарихтың жаңа парағын ашады

Республикалық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция алдағы 1 шілдеде күшіне енеді. Сөйтіп, еліміз тарихтың жаңа парағын ашып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басады. Бұл – Қазақстан үшін айтулы оқиға. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Жас Алашқа» шыққан мақаласында айтты. Оның сөзінше, жаңа Ата Заң – мемлекеттілігі орныққан, халықаралық кеңістіктегі беделі қалыптасқан, өзінің тарихи тамырын айқындаған, болашағына зор сеніммен қарайтын Қазақстанның Конституциясы.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Ата Заңда төл тарихымыз да, Әділетті Қазақстан идеясы да, Заң мен Тәртіп қағидаты да, «Таза Қазақстан» да, бірлік пен ынтымақ та, мәдениет пен білім де, ғылым мен инновация да тегіс қамтылған. Бұл — ұлттың бірегейлігі бекемделген, құндылықтары жүйеленген, мемлекеттілік қағидаттары нақты белгіленген Конституция. Ең бастысы, онда мемлекетіміздің болашақтағы кескін-кейпі, болмысы нақты айқындалған. Келешекте прогрессивті, өркениетті, ғылым мен білімге, инновацияға арқа сүйеген ел атану көзделген. Сондықтан ішкі саясаттың ендігі негізгі міндеті — Конституцияда бекітілген құндылықтардың қоғамда берік орнығуын қамтамасыз етіп, қорғау.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Жас Алашқа» шыққан мақаласынан.

← Все новости