Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 104 просмотра

Аптап ыстықтан асфальт бүлінді

Ми қайнатар аптап ыстық жолды да шыдатпауда. Тас төбеңнен төніп, шақырайып тұрған күн асфальтты да шыжғырып жатыр. Мәселен, Астана-Павлодар тас жолының жекелеген учаскелерінде жол жабындылары көтеріліп кетіп, баланың еңбегіндей былқылдап қалған. Жүргізушілер бір пәлеге душар болмасын деген мамандар көлік қозғалысына уақытша шектеу қойып, дереу жөндеу жұмысына кіріскен. Олар жолдың бүлінген жерлерін алып тастап, астына қиыршық тас төсеп, қайта асфальттауда. «ҚазАвтоЖол» өкілдері республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап отырмыз, уақтылы күтіп-ұстау жұмыстары жалғаса береді дейді.

← Все новости