Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Полицейдің өлімі: күдікті жасөспірімдер үйқамаққа алынды

Әкесін өлтірді деп күдікке ілінген ұлы мен оның досы үйқамаққа жіберілді. Айта кетейік, 23 маусымда Алматы облысының Кеген ауданында денесі күлге айналған полиция қызметкерінің мәйіті табылған-тұғын. Ал осы жантүршігерлік қылмысқа марқұмның жұбайы, 14 жастағы баласы және оның досы күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Кейін кәмелетке толмағандарға қатысты бұлтартпау шарасы белгілі болып, сот оларды үйқамақта ұстауды ұйғарыпты. Бұл жөнінде жасөспірімдердің адвокаттары хабарлады. Енді оларға электронды білезік тағылып, баспаналарына бейнебақылау жүйесі орнатылады. Ал күдіктілердің адвокаттарының пайымынша, бұл қылмыстың астарында бұдан да күрделі жайттар болуы мүмкін. «Полицейдің жұбайы мен балалары жылдар бойы өз үйінде зорлық-зомбылық пен қатыгездік жағдайында өмір сүрген болуы мүмкін» деп топшылайды қорғаушылар.

← Все новости