Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Несие алаяқтығынан қорғанудың тәсілдері қандай?

Стоп кредит!

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды алаяқтардың құрығынан қорғайтын тәсілді көрсетті.

Ол үшін алдымен eGov mobile қосымшасынан немесе кредиттік бюро арқылы «Стоп кредит» қызметін қосу керек.

Бұл сіздің атыңызға несие рәсімдеу ықтималдығын бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жауаптылар әдеттегідей SMS-кодтарды, PIN-кодтарды айтпау керегін ескертті.

Онлайн-банкинг секілді сервистерге кіру үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланған абзал.

Оған қоса, кредиттік бюроларда өзіңіздің несиелік есебіңізді ұдайы тексеріп отыру маңызды.

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости