Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Жаңа салық кодексінің мүмкіндіктері

Алматыда бесінші салық форумы өтті. Онда сарапшылар биыл күшіне енген жаңа салық кодексінің күнделікті өмірде қалай қолданылып жатқанын және оның бизнеске әсерін талқылады. Жетекші салық сарапшылары қосымша құн салығының жаңа мөлшерлемелерін, шағын және орта бизнес үшін салық жеңілдіктерін азайту тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұдан бөлек, тісқаққан мамандар кәсіпкерлерге жаңа құжатпен жұмыс істеудің тетіктерін үйретті.

ЕКАТЕРИНА КИМ, «НАЛОГИ КАЗАХСТАНА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бүгін біздің спикерлер кәсіпкерлер мен бухгалтерлерге жаңа салық кодексінің қыр-сырын тағы бір мәрте түсіндіріп, қалай қателікке ұрынбау жөнінде кеңес береді. Форумға түрлі саланың өкілдерін шақырдық. Олар жаңа салық кодексінің талаптарына сай қалай жұмыс істеу керектігі туралы тәжірибелерімен бөліседі. Бұл шара бизнестің барлық саласына арналған. Кәсіп иелерінің тың өзгерістерді жетік білгенін қалаймыз.

Ұлан Тәліпбай

← Все новости