Конституциялық реформа ел өмірінің барлық саласын қамтыды. Референдум нәтижесінде қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген Ата заңымызда мемлекеттік басқару жүйесінен бастап, отбасы институтына дейін айрықша көңіл бөлінген. Қоғамның даму бағытын айқындайтын тетіктер көрініс тапқан. Қазақстандықтар жаңа Конституция елімізді одан әрі өркендететініне кәміл сенеді.
ЕРКЕНАЗ СЕЙІТҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қайырымдылық және еріктілік мәселелеріне аса маңыз берілген. Жаңағыдай ортақ мүддеге, игі мақсатта күш біріктірген жастардың еңбегін елеудің, олардың жұмысына жарқын баға берудің жақсы үлгісі деп ойлаймын. Осы Конституцияда оған маңыз берілген. Еріктілердің қатарында болғанмын. Ол кезде балалар, қарттар үйіне көмек көрсету, қоғамдық қызмет жасау деген сияқты…
БАЛЖАН ДӘУЛЕТИЯРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мемлекеттілігімізді нығайтуға бағытталғаны – ең бастысы. Заң мен тәртіпті нығайтуға, екіншіден, отбасының жағдайын қоғамда, үшіншіден, адамдардың жеке құқықтары мен міндеттерін деген сияқты жалпы жан-жақты қамтылған.
ОРЫНБАСАР МҰХИТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Құрылтайда сайлау жүйесі бізде пропорционалды ғана болатыны белгілі. Олай болса, енді саяси партиялардың қызметі, олардың өмірге араласуы, халықпен етене араласуы күшейетіні сөзсіз.