Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Бірқатар лауазымды тұлға қызметіне қайта тағайындала алады

Бірқатар лауазымды тұлға жаңа Конституцияға сәйкес қайтадан қызметіне тағайындала алады. Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етіп отырған Конституциялық соттың мәлімдеуінше, бұған Президент, Конституциялық соттың төрағасы мен он судьясы және Жоғарғы соттың төрағасы, Бас прокурор кіреді. Яғни 1995 жылғы Ата заң аясында атқарылған қызмет мерзімі мен осы орынға тағайындау я болмаса сайлау фактілерін есепке алуды көздейтін ережелерді қолданыстағы Конституция қамтымайды. Демек бұл азаматтар жаңа нормаға сәйкес тағы да осы қызметке үміткер бола алады.

ЖАМАЛАДИН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Жаңа Конституцияға сәйкес жаңа мерзімге сайлана алады және жаңа мерзімге тағайындала алады деген. Олар Конституцияның жаңа аталған баптарына сүйеніп, жаңа Конституциядағы нормалар бұл лауазымды тұлғалардың жаңадан сайлануына немесе жаңадан тағайындалуына ешқандай конституциялық кедергілер жоқ екенін айтты. Осындай мемлекеттік деңгейде шешім болса, бұл лауазымды тұлғалар жаңадан қызметке тағайындалуы мүмкін.

← Все новости