Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Әлихан Смайылов Президентке есеп берді

Жоғары аудиторлық палата мемлекет қазынасына 128 миллиард теңгені қайтарды. Бұл туралы Әлихан Смайылов Президент қабылдауында баяндады. Биылғы алғашқы жарты жылдықта 13 үлкен тексеріс өткізген. Олардың ішінде «Қазпошта» мен «Аграрлық корпорация» сияқты ірі компаниялар бар. Смайылов жыл соңына дейін тағы 20 мемлекеттік аудит жоспарланғанын жеткізді. Оның төртеуі Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған. Алдағы уақытта Шымкент қаласы, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстары, сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» мен газ саласындағы кәсіпорындар тексеріледі. Кездесу соңында Президент бұл салаға жасанды интеллект технологияларын енгізуді тапсырды.

← Все новости