Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Астанада жылу бағасы қымбаттай ма?

Астанада жылудың тарифі қымбаттауы мүмкін. Қаланы қамтитын қос бірдей коммуналдық кәсіпорын бағаны көтеруді сұрап отыр. «Астана-Энергия» компаниясының мәліметі бойынша жыл соңына дейін жылудың құны шамамен 2942 теңге болуы керек еді. Алайда кәсіпорынның нақты шығындары жоспардан асып кеткен. Мамандардың сөзінше, тарифтің өсуіне көмір мен мазуттың қымбаттауы, салықтың артуы және елдегі инфляцияның 11 пайызға дейін жетуі себеп болып отыр екен. Егер бұл ұсыныс қолдау тапса, баға 3439 теңгеге дейін өспек. Ал жылуды үй-үйге жеткізетін «Астана-Теплотранзит» компаниясы тасымалдау қызметін 5665-тен 6381 теңгеге дейін өсіруді ұсынып отыр.

«АСТАНА – ТЕПЛОТРАНЗИТ» АҚ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

«Астана-Теплотранзит» АҚ 2026 жылғы 3 шілдеде монополияға қарсы департаментке жылу тарифін қымбаттату туралы өтінім жолдады. Бағаны өсіруге «Астана-Энергия» АҚ-нан жылу энергиясының құны өзгеретіні туралы хабарлама алу себеп болған. Жоба бойынша тарифтің шекті деңгейі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 6381,08 теңге деп көзделіп отыр. Қазіргі уақытта өтінім қаралу үстінде. Уәкілетті орган заң аясында шешім қабылдағаннан кейін, жаңа тариф биылғы 16 шілдеден бастап күшіне енуі мүмкін. Тұтынушыларға бұл туралы қосымша хабарланады.

← Все новости