Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Ерлан Карин: Конституциялық соттың түсіндірмесі нормативтік-құқықтық сипатқа ие

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Карин Конституциялық соттың түсіндірмесі нормативтік-құқықтық сипатқа ие екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Telegram арнасында жазды. Оның айтуынша, түсіндірме жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған рәсімдік мәселелерге құқықтық жауап ретінде берілген. Осыған сәйкес, 1 шілдеден бастап бір реттік өкілеттік мерзімі туралы конституциялық талап қолданылатын лауазымдарға жаңа тағайындаулар жүзеге асырылуы тиіс. Олардың қатарында Жоғарғы сот төрағасы, Бас прокурор, Конституциялық сот төрағасы мен судьялары бар.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Конституциялық соттың түсіндірмесі аталған мәселеге нақты құқықтық жауапты ұсынады: бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға тағайындалған адамдарға ғана қолданылады. Құқықтық реттеудің бірізділік қағидатына сәйкес, бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты болады.

Бұл ретте Президенттің жеті жылдық бір ғана мерзімге сайлануы туралы ереже мемлекеттің егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны секілді мүлдем өзгермейтінін атап өту қажет. Конституциялық нормалардың аталған түсіндірмесі қандай да бір тұлғаның автоматты түрде тағайындалатынын немесе сайланатынын білдірмейді. Ол тек тиісті тұлғаның сайлануына немесе тағайындалуына құқықтық мүмкіндік бар екенін айқындайды, деді Ерлан Карин.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бүгін Мемлекет басшысы Бас прокурорды тағайындады. Конституциялық соттың бүгінгі шешімі жаңа мемлекеттік-саяси модельді қалыптастырумен байланысты ауқымды үдерістің кезекті бір бөлігі ғана. Қазіргі таңда жаңа институттарды іске қосу бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда: Құрылтай сайлауы тағайындалды, саяси партиялар съездерін өткізуде, сондай-ақ «Қазақстан Халық Кеңесі» хатшылығын құру туралы Жарлыққа қол қойылды.

← Все новости