Перейти к содержимому
· 179 просмотров

Мәйітті шатастырып басқаларға берген

Оралда көлік қағып қайтыс болған 10 жасар қыздың денесін мәйітхана мамандары басқа адамдарға беріп жіберген. Перзентінің сүйегін алуға келген қара жамылған отбасы бұны естіп есеңгіреп қалғандарын айтады. Ал, болашағынан зор үміт күттірген қаршадай қызды оралдықтар бүгін арулап ақтық сапарға шығарып салды. Жаяу жүргіншілер өткеліндегі жарық мәселесімен жақсы таныс жауаптылар болса жақын арада 11 қауіпті учаскілерінде көше шамдары орнатылатынын айтып отыр.

← Все новости