Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 148 просмотров

Астанада күзетші 21 миллион теңгенің кабелін ұрлаған

Астанада күзетші 21 млн теңгенің кабелін ұрлады деген күдікке ілінді. Полицияның мәліметінше, 31 жастағы азамат бұрын өзі жұмыс істеген құрылыс аумағына емін-еркін кіріп, қымбат электр сымдарды жасырын алып кеткен. Көп ұзамай қолының сұғанағы бар ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

← Все новости