Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Қазақстан — Орталық Азиядағы ең бақуатты ел

Қазақстан — Орталық Азиядағы ең бақуатты мемлекет. Ұлыбританияның «Легатум Институт» сараптамалық орталығы жариялаған әл-ауқат индексінде біздің ел көш бастады. Рейтинг үш негізгі бағыт бойынша сараланған. Атап айтқанда, ел экономикасы мен халықтың өмір сүру сапасы, азаматтардың жеке бостандықтарының деңгейі. Сондай-ақ қоғамның жай-күйі мен әлеуметтік байланыстардың беріктігі ескерілген. Қазір Қазақстан әлемдік рейтингте 66-орында. Бұл төңіректегі бауырлас мемлекеттер арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Мәселен, Қырғыз елі 87-сатыға тұрақтаса, Өзбекстан 94-орында тұр. Тәжікстан 129-орында, ал Түрікменстан 150-орынмен өңірдегі тізімді түйіндеді. Айта кетейік, әл-ауқат индексі 2007 жылдан бері жарияланып келеді және ол әлемнің 167 елін қамтып отыр.

← Все новости