Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 13 просмотров

Түркістан облысында өнеркәсіп паркі салынып жатыр

Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздің басым бөлігін жеміс-жидек, көкөніспен қамтамасыз етіп отырған Түркістан облысына барды. Шенеунік аймақтағы өндірушілердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ өнеркәсіптегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қадағалап, фермерлермен тілдесті. Шардара ауданында жергілікті өндіріске арналған парк салынып жатыр. Қазір құрылысы қарқын алған. 1 гектар аумақта 6 өндірістік ғимараттың іргетасы қалануда. Мұнда жиһаз, модульдік үйлер және құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар бой көтереді. Бұдан бөлек, Серік Жұманғарин өңірдегі «Тұран» арнайы экономикалық аймағының тыныс-тіршілігімен танысты. Онда ауданы 290 гектар аумақта 4 мың жұмыс орны бар 16 инвестициялық жоба орналастырылған. Бүгінгі таңда бұл жерде 665 адам екі қолға бір күрек тауып, еңбектеніп жүр.

← Все новости