Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Агросекторды дамытудың жаңа міндеттері

Астанада Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы климат өзгерісінің азық-түлік қауіпсіздігіне ықпалы, су ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ жұмысты бағалағанда бұрынғы жетістіктерге емес, бүгінгі нақты нәтижеге мән беру қажеттігін айтты.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

 Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында саланың бүгінгі нәтижесі мен алдағы міндеттері талқыланып жатыр. Мемлекет басшысы азаматтардың бұрынғы еңбегі мен жетістігін жоққа шығармайтынын айтты. Дегенмен бағалау өлшемі — кешегі табыс емес, бүгінгі нақты нәтиже. Президент үшін адамның шыққан тегі мен лауазымынан бұрын, еңбекқорлығы мен елге адал қызметі маңызды.

Форумда салаға сіңірген еңбегі үшін бірқатар азамат марапатталды. Солардың бірі.

СЕЙІТЖАППАР НЫҒМЕТОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ:

Алдағы жылдарға қатысты климаттық болжамдар да алаңдатарлық. Кейбір сарапшылар 2027 жыл бақылау тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін деп болжайды. Құрғақшылық, өрт пен су тасқыны азық-түлік қауіпсіздігіне және әлемдік жеткізу тізбектеріне салмақ түсіруі ықтимал. Президент осындай тәуекелдерді ескеріп, су ресурстарын басқару жұмысын жеделдету қажеттігін айтты.

← Все новости