Перейти к содержимому
· 140 просмотров

Көпқабатты үйде көмір жағуда

Алматыда көппәтерлі үйге көмірмен от жағып, әжетханаға далада барады десе ешкім сенбейді. Алайда ондай үйлер қаланың қақ ортасында тұр. Өткен ғасырдың 50 жылдары салынған үй бүгінде тозығы жетіп, апатты күйге түскен. Алайда қала басшылығы оны апатты деп тапқанымен, бұзуға асығар емес. Жақында өрт шыққаннан кейін тұрғындар мүлдем онда тұруға қорқып қалғандарын айтады.

← Все новости