Перейти к содержимому
· 110 просмотров

Сотталғандарға жұмыс ұсынылды

Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан 500 азамат алдағы уақытта тұрақты жұмыспен қамтылады. Жалақысы да аз емес, орта есеппен 80 мың теңгеден жоғары. Бірақ, мұндай мүмкіндік барлығына бірдей берілмейді. Тек, абайсызда қылмыс жасаған, жаза мерзімі аяқталуға жақын азаматтарға ұсынылмақ. Тіптен, осы санаттағы сотталғандарға арнайы қызметкерлердің бақылауымен қалаға барып жұмыс істеу бақыты бұйырып тұр.

← Все новости