Жазылған жайдың жапсары. Осыдан аз бұрын біздің түсіру тобымыз Ақмола облысы, Макинск қаласындағы орта мектептердің біріндегі жағдайды айтқан еді. Сыныптардағы температура 15 градустан аспай, балаларының бүрсең қағып отырғаны жайлы ата- аналар шағымданған болатын. Перзенттерінің денсаулығына алаңдаған олар тіпті арнайы көпшік тігіп, сөмкелеріне салып жіберетін. Біздің түсіру тобымыз сол мектепке қайта оралып, сюжетімізден кейін қандай өзгеріс болғанын өз көздерімен көріп қайтты.