Перейти к содержимому
· 121 просмотр

Коронавирус Шымкентке де жетті

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 80-ге жетті. Бүгін тіркелген соңғы науқас үш мегаполистің бірі Шымкентте анықталды. Айта кетейін, күні кеше осы қала тұрғынынан қауіпті дерттің белгісі табылған болатын. 24 жастағы жігіт 20 наурызда елордадан шаһар маңындағы Жаңаталап ауылына жеткен. Ыстығы көтеріліп, мазасы қашқан соң дәрігерге көрінген ол қазір ем қабылдап жатыр.

← Все новости