Қазақстанда баласының сабағын қадағалайтын ата-аналар саны күрт азайған.
Ал ұстаздардың оқушыларға көрсететін қолдауы, керісінше, өскен. Бұл зерттеуді білім саласын саралайтын халықаралық PISA-2025 ұйымы жүргізіпті. Оның қорытындысын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Құрылтай депутаты, кезінде Білім саласының министрі болған Асхат Аймағамбетов жариялады.
Зерттеуге сүйенсек, осыдан 4 жыл бұрын ата-аналардың 70 пайызы баласының мектептегі жағдайынан хабардар болса, былтыр бұл көрсеткіш шамамен 20 пайызға кеміген. Бұл біздің елде ғана емес, әлемде болып жатқан құбылыс екен. Есесіне мектептегі мұғалімдердің оқушыларға деген қолдауы артқан.
Ұстаздардың 88 пайызы балаларға көмек керек болғанда дереу жетуге дайын екенін көрсеткен. Бұл жағдай көңіл көншітерлік болса да, депутат мұғалім ешқашан ата-ананы алмастыра алмайтынын және отбасының бала өміріндегі маңызы мектептен зор екенін ескертеді.
Гүлмира Тасболатқызы