Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 18 просмотров

Екі шенеунік ұсталды

Кәсіпкерлерден 40 миллион теңге сыйақы алған шенеуніктер құрықталды. Көлік министрлігіндегі екі шенеуніктің әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандарымен бірлесіп анықтаған. Құлқыны кең атқамінерлерді тура кабинетінде қолға түсірген. Барлығын басынан бақайшағына дейін тексеріпті. Сөйтсе, олар тонналап тауар тиеген жүк көліктерінің салмағын өлшемей, кедергісіз жүруін қамтамасыз еткен көрінеді. Сол үшін кәсіпкерлерден қомақты қаржы алыпты. Қазір күдікке ілінген екеу қамауға алынған.

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Биылғы тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады. Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

← Все новости