Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

СҚО-да көшпелі дәріхана жұмыс істейді

Енді шалғайда тұрып жатқан Теріскей жұрты дәрі-дәрмек іздеп, қалаға сабылмаса да болады.

Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі дәріхана жобасы іске қосылды. Яғни мемлекеттен берілетін тегін медикаменттер алыста тұратын ағайынға, аудан орталығынан ондаған шақырым жерде орналасқан ауылдарға жеткізіледі. Бастысы, өңір тұрғындары даладан қалаға жету үшін уақыт та, артық ақша да құртпайды.

ЛЮБОВЬ АБРАМОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Анам дәрілерді тегін рецепт бойынша алады. Ол гипертониямен ауырады. Қант диабетіне шипа болатын дәрілердің көбі тегін. Бірақ сол үшін осында келу қиындау болатын. Біз жұмыс істейміз, балалар мектепте оқиды дегендей. Әрі орталыққа баруға көлік те бола бермейді. Кейде осынша жерден келген күннің өзінде кейбір дәрілер болмай қалады. Егер қажет дәрілерді ауылға жеткізіп беретін болса, өте ыңғайлы болар еді.

Дәрілерді арнайы көлік тасымалдайды. Машина препараттардың дұрыс сақталуы үшін арнайы жабдықталған. Бастысы, ауыл тұрғындары оның қашан келетінін алдын ала біліп отыруы керек. Егер пилоттық жоба сәтті іске асса, Солтүстіктің басқа аудандарында да іске қосылады.

ЖАНАР КӘКІМОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көшпелі дәріхана жобасы 60-тан астам елді мекенді қамтиды. Ауданымызда 4 000-дай адамға тегін дәрі беріледі. Мұнда халыққа фармацевт қызмет көрсетеді. Бұл кадр тапшылығына еш әсер етпейді. Әрі аудан орталығындағы дәріханада кезек саны азайып, сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости