Медицинада тәртіп күшейіп, халыққа қызмет алу жеңілдей түседі. Президенттің тапсырмасына сай саладағы шашыраңқы ақпараттық платформалар біріктіріліп, дәрігерге қажетті мәліметті бір жерден алуға мүмкіндік жасалып жатыр. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов осы атқарылып жатқан жұмыстың барысына көз жүгіртіп, жасанды интеллектіні қолдану мәселесіне назар аударды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл бағыттағы қарқын жаман емес. Қазірдің өзінде 21 мыңнан астам ұйымның дерегі цифрландырылған. Ең бастысы, жаңа технологияның нәтижесі көрініп отыр. Мәселен, лицензиясы жоқ 38 медициналық мекеме анықталып, 27-сінің жұмысы тоқтатылыпты. Бұған қоса, негізсіз шығындарға тосқауыл қойылып, 31 миллиард теңгенің оңды-солды жұмсалуына жол берілмеген.
ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Маңызды жобалардың біреуі – бұл Денсаулық сақтау саласындағы ресурстарын басқару жүйесі. Жылдың басынан бастап іске қосылды. Қазақстандағы барлық медициналық ұйымдар субъектілер, ол жердегі кадрлық ресурстар, лицензиялар болсын, болмаса медтехникалар болсын, барлығын бірге инвент жасап, цифрлық түрде бір жерде бақылауға және мониторинг жасауға жинап отырмыз, бір-ақ жүйе арқылы.